Қазақстанның Шарын ұлттық паркі. Қазақстанның Шарын ұлттық паркі Алматы облысының Ұйғыр және Еңбекшіқазақ аудандарының шекарасында, Іле тауаралық қазаншұңқырының орталығында, Алматы қаласынан 193 шақырым жерде Шарын өзенінің аңғарында орналасқан. Парк 2004 жылы құрылды, жалпы ауданы 93150 га. Парк аумағында Шарын өзені ағады — ол Қазақстан шегіндегі Іленің ең ірі саласы, ұзындығы 393 шақырым. Шарын — тау типіндегі өзен. Парк аумағындағы қорымдар мен обалар ерекше қызығушылық тудырады.
Парк флорасы өте алуан түрлі. Мұнда өсімдіктің жеті типі ұсынылған: далалық, шөлдік, бұталық,
орманды, тоғайлы, шалғынды және батпақты. Парктегі ауданы 5,014 мың га Сарытоғай шатқалында реликт кең жапырақты шаған орманы өседі. Мұнда тал, итмұрындар — іле және Альберт итмұрыны, сондай-ақ
сирек кездесетін қызыл кітаптағы түрлер — іле бөріқарақаты мен іле үшқаты әдеттегі. Шөптердің ішінде көбі: орал мия, дәрілік қояншөп, көпсабақты қияқөлең. Бұталардың қалың шіліктері барлық жерде кездеседі.
Парк фаунасы өте бай әрі алуан түрлі. Мұнда сүтқоректілердің 36 түрі кездеседі, олардың ішінде ең әдеттегісі түлкі, қарсақ, толай қоян, қабан, тауешкі, ақкүзен, ақкіс, қосаяқтар мен құмтышқандар. Қызыл кітаптағылардан мұнда: қарақұйрық, тас сусары, сарышұнақ (перевязка), сабаншы мен орта азия суқұндызы мекендейді. Құстар дүниесі алуан түрлі — 200-ден астам түр, оның ішінде 111-і ұя салушы. Шаған тоғайында ағашты-бұталы екпелердің тұрғындары басым — кептерлер, бақылдақтар, сарықас, оңтүстік бұлбұлы, жапалақ, шымшықтар. Шатқалда жарларда, жартастардың қуыстары мен жарықтарында ұя салады: көк кептер, жартас қарлығашы, кекілік, тасшымшықтар. Сондай-ақ мұнда күндізгі жыртқыштар мекендейді: бүркіт, құмай, сақалтай, жыланшы, жұртшы, ылашын, шаһин, қарақұс пен кіші бүркіт.
Паркте бауырымен жорғалаушылардың 18 түрі бар. Кесірткелерден ең әдеттегісі алай жалаңкөзі, агама, сұр геккон; жыландардан — сұржылан, өрнекті және шұбар жыланқұйрықтар, ал арна маңы биотоптарында — су жыланы. Паркте тіршілік ететін балықтың 10 түрі кездеседі, олардың жетеуі нагорноазия фаунасының тұрақты аборигендері. Парк аумағында қызыл кітаптағы жәндіктердің кемінде 10 түрі бар.