Туризм

«Бурабай» ұлттық паркі

Қазақстанның «Бурабай» ұлттық паркі. Қазақстанның «Бурабай» ұлттық паркі Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан. Парк 2000 жылы жалпы…ауқыммен құрылған…

28 қараша 2014 · 17:51·Оқу: 3 мин

«Бурабай» ұлттық паркі
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·28 қараша 2014
«Бурабай» Қазақстанның ұлттық паркі.

Қазақстанның «Бурабай» ұлттық паркі Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан. Парк 2000 жылы құрылды, жалпы ауданы 85 мың га. Паркті құрудың басты мақсаты көл-тау-орман ландшафттарын қорғау, оның аумағында туризм мен демалысты дамыту болды.

Парк Көкшетау қыратында, көркем таулар мен көлдердің арасында орналасқан. Паркте 14 көл бар, олардың ішіндегі ең үлкендері: Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Бурабай және Майбалық. Парктегі borovoe1аттас көлде орналасқан Көк шығанақ та қызықты әрі әсем. Табиғаттың өзі сұлулығы жағынан бірегей әрі қайталанбас ландшафттар жасаған: айна іспетті көлдер, қылқан жапырақты ормандар мен жапырақты тоғайлар — мұндай үйлесім жер бетінде өте сирек кездеседі. «Бурабай» ұлттық паркінің флорасы өсімдіктің шамамен 800 түрінен тұрады және мынадай түрлермен ұсынылған: орман, дала, шалғын, батпақ және сорлы. Паркте 95 сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар өсімдік бар. Ағаш түрлерінен үлкен ауданды қарағай алып жатыр, парк аумағында қарағайлы орманның бірнеше типі кездеседі: тасты-жартасты, тасты-қыналы, шөпті-мүкті, ойпатты. Қызыл кітапқа енгендерден: домалақ жапырақты шықшөп, ірі гүлді шибөтелке, нағыз шибөтелке, плаун, баранец, батпақ дремлигі, қысжапырақ, шатыргүл, Фукс саусаққосаяғы, бұғы кладинасы (қына), сондай-ақ желімді қандыағаш кездеседі.

«Бурабай» ұлттық паркінің фаунасында омыртқалылардың 305 түрі, оның ішінде 87 сирек және құрып бара жатқан түрі бар. Мұнда сібір елігі, қабан, бұлан сияқты жануарлар мекендейді. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, ақкүзен, ақкіс, күзен, дала күзені, орман сусары мен сілеусін кездеседі. Парк фаунасында құстың 200-ден астам түрі бар. Жыртқыш құстардан бүркіт, қарақұс, үлкен жыланшы, қаршыға мен қырғи, батпақ және дала құладыны, кәдімгі күйкентай, ителгі, күйкентай, үкі, жапалақ кездеседі. Мұнда көбінесе шауқарға, сауысқан, дала торғайы, көкек, көкқарға, сарықас, шыбынши, тоқылдақ, шымшық сияқты құстарды кездестіруге болады. Көлдерде сұр қаз, барылдауық үйрек, шилқұйрық, сүңгуір үйрек, ұзынтұмсық бейнарық, қасқалдақ, сұр құтан, сұқсыр, шағала, шалшықшы ұя салады.

Қазақстанның Қызыл кітабына бүркіт, қарақұс, үкі, сұр тырна енгізілген. Климат парк аумағында күрт континенттік, ыстық жазымен және қатал қысымен ерекшеленеді.

Пікірлер