Спорт

Анна Данилина Уимблдон микстіндегі екінші айналымда тоқтады

Қазақстандық теннисші Анна Данилина американдық Джеймс Трэйсимен бірге Уимблдон-2026 аралас жұптық разрядының екінші айналымында жеңілді.

5 шілде 2026 · 20:15·Оқу: 1 мин

Анна Данилина Уимблдон микстіндегі екінші айналымда тоқтады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·5 шілде 2026

Жұптың қарсыластары аргентиналық Гвидо Андреоцци және индонезиялық Алдила Сутджиади болды. Матч үш сетте аяқталды — 6:7 (6:8), 7:5, 3:6.

Ойын екі сағат екі минутқа созылды. Данилина мен Трэйси сегіз эйс орындады, жеті қос қателік жіберді және үштен бір брейк-пойнтты іске асырды.

Осылайша, Данилина микстегі өнерін екінші айналым сатысында аяқтады. Әйелдер жұптық разрядында ол сербиялық Александра Круничпен жұптасып турнирді жалғастыруда.

Бұған дейін ерлер жеке разрядында Александр Бублик американдық Фрэнсис Тиафоны жеңіп, төртінші айналымға шықты.

Пікірлер