Қоғам

Маңғыстау облысында 95 млн теңгеден астам алимент өндірілді

Маңғыстау облысының прокуратурасы алимент төлеуші борышкерлерден 95 млн теңгеден астам қаражат өндіргенін хабарлады.

23 шілде 2026 · 13:46·Оқу: 2 мин

Маңғыстау облысында 95 млн теңгеден астам алимент өндірілді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·23 шілде 2026

Есепті кезеңде 95 млн теңгеден астам қарыз өндірілді. Бұл 395 кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғауға көмектесті.

27 борышкер қылмыстық жауапкершілікке, 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың көбі жылдар бойы төлемдерден жалтарып, жұмысқа орналаспаған және кірістерін жасырған.

Борышкерлердің бірі екі баласына кірісінің үштен бір бөлігі мөлшерінде алимент төлеуге міндетті болған. Қарыз 3 млн теңгеден асқан. Тексеру нәтижесінде оған қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот оны бір жылға бас бостандығын шектеуге үкім еткен, содан кейін қарыз толық өтелген.

Облыста алимент өндіру және балалардың құқығын қорғау жұмыстары жалғасуда.

Пікірлер