Жүйе жекеменшік мектептерді цифрландыруға және деректерді тексеру үшін мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялауға бағытталған. Мұндай мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыру өкілеттіктері жергілікті білім басқармаларына берілді.
Платформа тексерілген көрсеткіштер — оқушылар саны және қолданыстағы нормативтер бойынша қаржыландыру көлемін автоматты түрде есептейді. Бұл қолмен есептеулер мен субъективті шешімдерді жояды. Міндеттемелердің орындалуы автоматты түрде бақыланады, нақты және мәлімделген деректер салыстырылады, бюджеттік лимиттер қадағаланады.
Барлық операциялар цифрлық түрде тіркеледі, бұл ашықтықты қамтамасыз етеді және жүйеде тіркеусіз өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермейді. Вице-министрдің айтуынша, кезең-кезеңімен көшу алғашқы нәтижелерін беруде.
Қазақстанда алты мыңнан астам мектеп цифрландырылды.