Оның ішінде 137 адам магистратура бағдарламаларына, 10 адам докторантураға жіберіледі, ал 37 маман кәсіби тағылымдамадан өтеді. Тағы 51 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту құқығына ие болды.
Комиссия отырысында бакалавр дәрежесіне үміткерлер үшін халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалар конкурстарының және орындаушылар конкурстарының тізімі жаңартылды. Сондай-ақ бағдарламаны одан әрі дамыту мәселелері қаралды.
Грант иегерлерінің толық тізімі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында орналастырылған.