Жаңалықтар

Түркістан облысында мемлекетке 11 жер учаскесі қайтарылды

Түркістан облысында уәкілетті органның талап-арыздары бойынша соттар мемлекеттік меншікке жалпы ауданы 59 гектар және кадастрлық құны 48 млн теңге болатын 11 жер учаскесін қайтарды.

27 маусым 2026 · 05:31·Оқу: 1 мин

Түркістан облысында мемлекетке 11 жер учаскесі қайтарылды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·27 маусым 2026

Тексеру нәтижесінде учаскелер игерілмеген, иесіз қалған немесе бұзушылықтармен бөлінгені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде жер пайдалануды бақылайтын мемлекеттік орган сотқа жүгінді.

Соттар талаптарды қанағаттандырып, учаскелерді мемлекетке қайтарды. Сот шешімдері заңды күшіне енді.

Жер беру кезінде бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер