Миграциялық полицияның мәліметі бойынша, өңірде тұрақты түрде 12,5 мыңға жуық шетелдік тұрады, негізінен ТМД елдерінен келгендер.
Жыл басынан бері облысқа 4,4 мыңнан астам шетелдік кіріп, есепке тұрды. Алты ай ішінде миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін 991 шетелдік жауапқа тартылды. Соттар 83 адамды елден шығарды.
Сонымен қатар, 565 шетелдік Қазақстан азаматтығын алды, олардың ішінде 489 этникалық қазақ. Сондай-ақ, шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдаланған қазақстандық жұмыс берушілер де жауапқа тартылды.