Заңнамаға алғаш рет «бөтен дақылдар» термині енгізілді. Олар деп Қазақстанның экожүйесіне тән емес және ауыл шаруашылығы дақылдарының әдеттегі жиынтығына кірмейтін өсімдіктерді атайды.
Мысалдардың бірі – техникалық қарасора. Жабайы қарасора өсетін аймақтарда оның өнеркәсіптік өндірісі тозаңдануға және есірткі құрамды өсімдіктердің кездейсоқ пайда болуына әкелуі мүмкін.
Тағы бір жағдай – одуванчик өсіру жобасы. Қасиеттері бойынша ол арамшөптерге жақын және егістіктерді ластап, азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды мәдени өсімдіктерге зиян келтіруі мүмкін.
Барлық тыйым салу шаралары тек ғылыми зерттеулерден кейін ғана енгізіледі. Бұл ретте елде өсірілетін дақылдар, мысалы, соя, жасымық, жоңышқа және жүгері шектеулерге түспейді. Оларды әрі қарай қолдау жоспарлануда, оның ішінде ауыспалы егіс үшін пайдалы қасиеттеріне байланысты.
Сенат «Топырақты қорғау туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдады.