Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарына қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы ақпарат алды. Министр Ержан Сәденов 2026 жылдың бес айындағы жұмыс нәтижелері туралы баяндады.
ІІМ мәліметтері бойынша, тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға азайған. Негізгі құқық бұзушылықтардың барлық санаттары бойынша төмендеу байқалады, сонымен қатар ашылатын қылмыстар саны артқан.
Профилактикаға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Есепті кезеңде өткен жылдардағы 1685 қылмыс ашылды және 574 жасырынған қылмыскер іздестірілді, оның ішінде 89-ы елден тыс жерлерде.
Министр киберқылмыспен, есірткі қылмысымен, ұйымдасқан қылмыспен және экстремизммен күрес шаралары туралы да айтты. Қылмыстық топтардың қызметін тоқтату және қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Президент «Заң және тәртіп» қағидатын одан әрі іске асыру және елдегі құқықтық тәртіпті нығайту жөнінде тапсырмалар берді.