Жұмыстар 1121-ден 1186-ға дейінгі және 1194-тен 1209-ға дейінгі километр учаскелерінде жүргізілуде.
8 шілдеден 18 шілдеге дейін күн сайын сағат 6:00-ден 20:00-ге дейін Ақсай — Жібек жолы учаскесінде (1177–1186 км) жол жабық. Көлікті айналма маршрутқа бағыттайды.
8 шілдеден бастап Құрты — Шабыт учаскесінде (1121–1177 км) қозғалыс ашылды.
Компания жүргізушілерден маршрутты алдын ала таңдап, уақытша белгілердің нұсқауларын орындауды сұрады.