Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы бар екі ел Еуразияның көлік-логистикалық архитектурасын дамытуда жетекші рөл атқаруға тиіс. Олар бірлескен күш-жігермен инфрақұрылымды дамытып, транзиттік әлеуетті нығайтуда.
Өткен жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол жүк тасымалы 3,5%-ға өсіп, 92 млн тоннаны құрады. Соңғы бес жылда Қытай — Ресей — Қытай бағыты бойынша Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік тасымал сегіз есе өсті. Автомобиль тасымалы 2025 жылы 8,5 млн тоннаны құрады, ал ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында оның көлемі екі еседен астам өсіп, 4,3 млн тоннаны құрады.
Тоқаев сондай-ақ Солтүстік — Оңтүстік дәлізі бойынша тасымалдың өскенін атап өтті және Батыс Еуропа — Батыс Қытай маршрутының маңыздылығына тоқталды. Ақтөбе — Ұлғайсын учаскесін реконструкциялау оның өткізу қабілетін екі есе арттыруға мүмкіндік береді.
Цифрлық дәлізді қолданыстағы цифрлық платформалар негізінде іске қосу ұсынылады. Елдер арасындағы алғашқы пилотсыз жүк көліктерінің жүрісі мамыр айында Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде өтті. Бұл эксперимент көлік саласындағы серіктестік жаңа технологиялық деңгейге шыққанын көрсетті.