Экономика

Қызылордадағы ЖЭО 2,9 млн теңгеден астам айыппұл төлейді

Қызылорда облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті жергілікті ЖЭО-ны бекітілген тарифтік сметаны орындамағаны үшін айыппұл салды.

24 маусым 2026 · 08:50·Оқу: 1 мин

Қызылордадағы ЖЭО 2,9 млн теңгеден астам айыппұл төлейді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·24 маусым 2026

Бастапқыда айыппұл мөлшері 4 млн 152 мың теңгені құрады. Кәсіпорын қаулыны Қызылорда мамандандырылған сотында даулады.

Сот Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 829-бабы 11-тармағының 2-тармақшасы негізінде соманы 30%-ға азайтты. Нәтижесінде ЖЭО-дан 2 млн 906 мың теңгеден астам төлеу талап етілді.

Айыппұл толықтай мемлекет кірісіне өндірілді.

Пікірлер