Үкімет басшысы ведомствоға өндіру көлемін арттыру бойынша нақты жоспар әзірлеу қажеттігін атап өтті. Тапсырма елдің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне арналған отырыста берілді.
Сонымен қатар, Бектенов көмірді қайта өңдеу жобаларына жеке инвестицияларды тарту жұмыстарын жандандыруды талап етті. Премьер-министр көмір химиясы саласындағы әлеуетті инвесторларды қолдау шараларын кеңейту қажеттігін де атап өтті.
Бұған дейін Энергетика министрі мұнай және газ өндіру бойынша болжамдарды жариялаған болатын.