Тарифтер ҚҚС есепке алынбай белгіленді. Ең жоғары сома 1 млн теңгеге дейін болғанда қол жеткізу үшін 3170 теңге төлеу қажет. 10 млн теңгеге дейінгі лимитте құны 31 695 теңге, 100 млн теңгеге дейін — 63 391 теңге болады.
Егер жеткізуші 1 млрд теңгеге дейінгі сатып алуларға қатысуды жоспарласа, тариф 190 172 теңгені құрайды. 1 млрд теңгеден асатын сома кезінде қол жеткізу 386 683 теңгеге түседі.
Тариф өтінімнің ең жоғары құны немесе шарттың жоспарланған сомасы бойынша есептеледі. Лимит әрбір өтінімге және әрбір шартқа бөлек қолданылады, ал төленген кезең ішінде өтінімдер саны шектелмейді.
Төлем жылына бір рет енгізіледі. Осыдан кейін порталға қол жеткізу төлем күнінен бастап 12 айға ашылады.
Бұйрық 2026 жылғы 26 маусымда күшіне енеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.