Бағам алдыңғы күнмен салыстырғанда 7,45 теңгеге төмендеді. Ұлттық банктің 14 шілдедегі ресми бағамы 477,11 теңге деңгейінде белгіленді.
Айырбастау пункттеріндегі бағамдар
Астанада долларды 468,03 теңгеден сатып алды, 475,03 теңгеден сатты. Еуро 533,03–543,03 теңге аралығында саудаланды, ресейлік рубль — 5,65–5,95 теңге.
Алматыда америкалық валютаны орташа есеппен 468,92 теңгеден сатып алды және 471,99 теңгеден сатты. Еуро 534,46–540,42 теңге тұрды, рубль — 5,74–5,82 теңге.
Шымкентте долларды 469,34 теңгеден сатып алды, 471 теңгеден сатты. Еуро 533,32–539,43 теңге шегінде болды, рубль — 5,76–5,84 теңге.
13 шілдемен салыстыру
Бір күн бұрын доллардың орташа өлшенген бағамы 8,94 теңгеге көтеріліп, 477,11 теңгеге жетті.