Фестиваль қатысушылары сусындарды ұсынып, сапасы, дәмі, дайындалу ерекшеліктері және ұлттық дәстүрлерге сәйкестігі бойынша бағаланды.
«BaiQymyz» бас байқауының жеңімпаздары
Гран-приді Ақмола облысы, Бурабай ауданы «Qymyznai Qymyzy» қымызы жеңіп алды. Алтын Ақмола облысы, Ақкөл ауданы «Ағабек ата ерекше қымызы» үшін бұйырды. Күміс Ақмола облысы, Целиноград ауданы «Saryarqanyn saf qymyzy» қымызына берілді. Қола Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы «Qarakush» қымызына тапсырылды.
«Ем қымыз» номинациясы
Алтын — Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «Баянның бал қымызы». Күміс — Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Saryterek» қымызы. Қола — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Sarybel» қымызы.
«Халық таңдауы» номинациясы
Алтын — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Теректінің текті қымызы». Күміс — Абай облысы, Абай ауданы, «Sarzhal Bakytzhan» қымызы. Қола — Жамбыл облысы, Мерке ауданы, «Ақтоған» қымызы.
Арнайы номинациялар
«Алтын күбі» — Ақмола облысы, Целиноград ауданы, «Bizdin Qymyz». «Алтын саба» — Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай қымызы. «Алтын шара» — Ресей Федерациясы, Омбы қымызы. «Күміс тостаған» — Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, «Saba» қымызы. «Күміс торсық» — Абай облысы, «Тоқаш ана» санаторийі. «Қымыз серті» — Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «Ләйлә» өнімі. «Жайлау дәмі» — «Zhanten» қымызы. «Дәстүр сақтаушы» — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Ақтерек» қымызы. «Үздік дизайн» — Абай облысы, Абай ауданы, «Әділ қымыз». «Дәм шебері» — Алматы облысы, «Ақсақал» қымызы.
Маусым айында Астанада қымыз маусымының басталуына арналған ежелгі ғұрыпқа арналған «QYMYZ FEST — Қымызмұрындық 2026» этнофестивалі де өтті.